Түркі тілдес елдердің бірі қалта телефондарды тіркеуге байланысты жаңа талап енгізді
Түркі тілдес елдердің бірі қалта телефондарды тіркеуге байланысты жаңа талап енгізді
2 жыл бұрын 1311 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әзірбайжан ұялы телефондарды тіркеуге байланысты жаңа талап енгізеді. Осылайша, мобилді құрылғыны тіркеуден жалтартпау үшін оның IMEI кодын өзгертуге немесе көшіруге тыйым салады. Бұл жайында islam.kz порталы trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлттық Мәжілістің (парламент) жалпы отырысында талқыланған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ұсынылған түзетуде көрініс тапқан бұл өзгеріске сәйкес жоғарыда аталған талапты бұзған жеке тұлғаларға 300-ден 400 манатқа (Әзірбайжанның ұлттық ақшасы – ред.) дейін, лауазымды адамдарға 1000-нан 1500 манатқа дейін, заңды тұлғаларға 3000-нан 4000 манатқа дейін айыппұл салынады. Әкiмшiлiк жазаға тартылған адам осы әкiмшiлiк жаза туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде қайталаса, жеке тұлғаларға 600-ден 800-ге дейiн, ал лауазымды адамдарға 2000-ға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынады. 2500 манатқа дейін, заңды тұлғаларға - 9 мыңнан 12 мың манатқа дейін. Бұл өзгеріс 2023 жылдың сәуір айының 1-нен бастап күшіне енеді.

0 пікір
Мұрағат