|
Түркі елі туризмнен қыруар табыс тапты
|
Түркияның туристік саласы өткен жылы (2025) тарихи белесті бағындырды: туристер мен саяхатшылар түрік экономикасына 7 млрд долларға жуық кіріс кіргізген. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түріктердің статистика институты келтірген дерекке қарағанда, туризм секторынан түскен табыс оның алдындағы жылмен (2024) салыстырғанда 6,8 %-ға артқан, 65,2 млрд долларға жеткен. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нұр Ерсой бұл көрсеткішті биыл 68 млрд долларға жеткізуге уәде берді. Түркияның туризм секторының жылдан жылға жедел қарқынмен өсуіне ең алдымен ресурстарды тиімді басқару пен нарықтың нақты стратегиясы ықпал еткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды