Туризмнен түсетін табысы көп он мұсылман елі
|
Бүкіл әлемдік экономикалық форум сарапшылары әлемнің 141 елінің туризм тұрғысынан артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап, «2015 Travel and Tourism Competitiveness Report» рейтингісін түзді. Мамандар ең алдымен қонақ үйдің бағасы, қызмет көрсету сапасы секілді факторларды ескерді. Бұған қоса, банкоматтардың санын да, сәулет өнерінің ескерткіштерін де, медициналық қызмет көрсету сапасын да, т.б. ұсақ-түйек болып көрінетін, алайда, туристер маңызы зор факторларды да қаперге алған.
1) Иран. Бұл елдің артықшылығы: жанар-жағармай аса арзан. Жол сапасының жоғары болуы мен сәулет ескерткіштерінің көптігі туристерді тартатын факторлар.
2) Мысыр. Мысырдың артықшылығы: қонақ үйлер арзан. Сондай-ақ, тарихи ескерткіштердің көптігі мен жағажайлардың жақсы жолға қойылғаны да туристерді бей-жай қалдырмайды.
3) Индонезия. Индонезия тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің қолайлы бағада болуы және жұмсақ әрі жылы климат туристердің алаңсыз демалуына жағдай жасайды.
4) Йемен. Қазіргі уақытта бұл елде соғыс жүріп жатқандықтан туристер үшін қауіпті болып отыр. Алайда, Йемен әлемдегі туристерге қолайлы елдердің бірі болып табылады.
5) Гамбия.
6) Малайзия. Малайзия Оңтүстік-шығыс Азиядағы туристерге ең қолайлы елдердің бірі. Меймандостығымен аты шыққан. Сондай-ақ, Сингапурмен салыстырғанда бұл елде тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлерінің бағасы төмен болып келеді.
7) Тунис.
8) Индия.
9) Пакистан.
10) Алжир.