|
Туристерді тұңғыш рет қабылдайын деп жатқан ел
|
Саудия билігі туристік саланы қолға алып жатыр. Ел экономиикасын әртараптандыру мақсатында. Бұл жайында аталған елдің туризм және ұлттық мұра жөніндегі бас басқарманың жетекшісі, ханзада Сұлтан бен Салман бен Әбдіәзәз мәлім етті. Оның айтуынша, келесі жылдан бастап Саудия осы елге саяхаттап келгісі келетін шетелдіктерге электронды жолмен туристік виза беруді бастайды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, жыл сайын бұл елге сырттан 16 млн адам келіп-кетеді екен. Алайда, олардың арасында туристер жоқ, Өйткені, бұл елдің есігі тек қажылар мен іссапармен келгендерге және еңбек мигранттарына ғана ашық. Бұрын Саудия билігі 2020 жылға қарай жыл сайын туризм саласынан кем дегенде 47 млрд доллар табуға бел байлап отырғандарын мәлімдеген еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...