Туристер ағылып баратын аралда криптовалютамен сауда жасауға рұқсат етіледі
Туристер ағылып баратын аралда криптовалютамен сауда жасауға рұқсат етіледі
5 сағат бұрын 87 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Туризм тартуда Түркия, Грекия, Франциядан кем түспейтін Тай елінің аса ірі аралында, дәлірегі, Пхукетте биылдан бастап криптовалютаны қолма-қол ақшаның баламасы ретінде пайдалануды ұйғаратын пилоттық жоба жүзеге асырылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы осынау мемлекеттің қаржы министрі Пишай Шүнқауажырдың (Pichai Chunhavajira) Тайландтың маркетинг қауымдастығы ұйымдастырған семинарда жасаған мәлімдемесіне жөн сілтеген Nation Thailand ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министрдің сөзіне қарағанда, аталмыш жоба ең алдымен туристер көп баратын елді-мекендерде жүзеге асырылады. Осылайша әлемнің әр түкпірінен келген туристер долларды жергілікті валютаға айырбастау машақатынан құтылады. Яғни, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді электронды ақшамен төлеп, сатып ала алады. Осы жобаға байланысты елдің қолданыстағы  өзгертулер мен түзетулер енгізудің қажеттігі болмайды. Өйткені, бұл бастаманы қолдаудың барлық тетігі қарастырылып қойылған. Соңғы жылдары цифрлы актив құнының өсуіне байланысты тайлықтар құнды активті тартудың қамына кіріседі. Осылайша Тай елінің бизнестегі бәсекеге жарамдылығын арттырмақ. Осы жобаға қатысатын шетелдік туристер өзінің криптоәмиянын тай биржасына тіркетіп, тауарлар мен қызметтер үшін өзінің криптовалюта иесі екенін растауы қажет. Кейін клирингтік палата сауда-саттықтан түскен биткоиндерді тай батына конверциялайтын (айналдыратын) болады. Осы орайда Тай елінде криптовалютаның танымалдылығы артып келе жатқанын айта кетпекпіз. Тайланд аумағындағы бір елді-мекенле крипто-энтузиастардың бірі кофехана ашты, ол біртіндеп жергілікті тұрғындарды қолма — қол ақшаның орнына биткоиннің минималды бірлігін — сатосиді пайдалануды үйрету орталығына айналды. Ол 80-нен астам тұрғынды Bitcoin Lightning қосымшасы арқылы сатосиді қабылдауға көндірді. Нәтижесінде туристер мен жергілікті тұрғындарға қолма-қол ақшасыз транзакциялар жасауға мүмкіндік берді. Қазір бұл елді-мекенде көптеген дүкендер, соның ішінде кеспе дүңгіршектері, базар дүңгіршектері, фрикаделькалары бар көше тағамдары, тіпті, моторикша қызметі төлем ретінде биткоиндерді қабылдайды

0 пікір
Мұрағат