Түріктердің жаңа танкісі сынақтан сәтті өтті
Түріктердің жаңа танкісі сынақтан сәтті өтті
8 жыл бұрын 4239 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"Altay" деген атау берілген, түріктердің өздері құрастырған тағы бір жаңа танкісі барлық сынаққа төтеп берді. Әскери мақсатта қолданылатын ауыр техниканың бұл түрі мамыр айында жаппай құрастырыла бастайды. Бұл жайында Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ішік мәлім етті. 

"Түркияның қорғаныс саласында маңызды өзгеріс орын алды. Түркия отандық автоматты винтовка шығаруды қолға алды. Ол НАТО-ның 42 сынағынан сәтті өтті",- деген министрдің мәлімдемесінен Анатолия ақпарат агенттігі үзінді келтірген. Бұған қоса, министрдің айтуынша, Түркия отандық тікұшақтар шығара бастаған. "Түркия Қарулы күштерінің Кония қаласындағы бөлімшесіне соққы беруге арналған осымен жиырма Atak тікұшағы жеткізілді. Тікұшақ отандық өнімдермен жабдықталған",- деді ол. 

Айта кетейік, Түркия ұшқышсыз ұшатын аппараттарды, кемелерді, жер серіктерін өздері өндіреді. Елдің қорғаныс саласына жауапты министр алдағы уақытта да осынау жетістіктермен шектеліп қалмай, отандық қару-жарақ өндірісін дамыта беретіндеріне тоқталды. 

1 пікір
  • Бір ғана Түркияның өзінде тек кеме құрастыратын 50-ге тарта зауыт бар
    8 жыл бұрын
Мұрағат