Түріктердің Bayraktar AKINCI әскери дроны сынақ кезінде TOLUN шағын бомбасымен нысанаға дәл соққы берді (фото+видео)
|
Бұл жайында islam.kz порталы Baykar компаниясына жөн сілтеген Trend ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Bayraktar AKINCI жобасы Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі министрлігінің басшылығымен жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында ASELSAN әзірлеген TOLUN миниатюралық бомбасының сынақтары желтоқсан айының 2-і күні сәтті аяқталған. 4 миниатюралық бомбамен жабдықталған Bayraktar AKINCI Текирдагтан Кониядағы Карапынар полигонына қарай ұшып, сынақ ұшыру кезінде нысанаға сәтті дәл жетті. Миниатюралық TOLUN бомбасы алғаш рет GPS/INS арқасында ұшқышсыз әуе көлігі платформасында сынақтан өтті, нысанаға 26 000 фут биіктіктен 30 шақырым қашықтықта дәл соққы берді. Оы тұста шамамен 20 жыл бұрын ұшқышсыз ұшатын аппараттарды жасап шығаруды бастаған Baykar-дың жалпы табысының 75 пайызы экспорттық келісім-шарттардан түскенін айта кету керек. Түркия Экспортшылар кеңесі 2021 жылы қорғаныс және аэроғарыш секторында экспорт көшбасшысы ретінде жарияланған Baykar 2022 жылы 18 елге 1 миллиард доллардан астам экспорт жасады. Экспорттық келісімшарттардың 98 пайызын 2022 жылы Baykar қол қойған келісімшарттары құрады. 2022 жылға дейін Bayraktar TB2 UAV үшін 25 елмен, Bayraktar Akinci үшін бес елмен келісімшарт жасалды.