Түріктердің әуе қорғаныс жүйесі әлемдегі ең жетілген нұсқаларынан асып түсуі мүмкін (видео)
Түріктердің әуе қорғаныс жүйесі әлемдегі ең жетілген нұсқаларынан асып түсуі мүмкін (видео)
1 жыл бұрын 721 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің Siper отандық әуе қорғаныс жүйесінің алғашқы сынағы сәтті өткенін хабарлады Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің Sabah мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылдың желтоқсан айында түрік билігі алыс радиусқа ұшатын отандық Siper әуе қорғаныс жүйесінің әлемдегі ең озық баламалары – ресейлік С-400 зенитті-зымыран кешенінен және америкалық Patriot-тан сипаты жағынан асып түсетінін жаһанға жар салып ариялаған болатын. Түркияның ұлттық қорғаныс университетінің жаяу әскер колледжінде түлектерге диплом тапсыру салтанатты шарасында сөз алған Режеп Тайып Ердоған көп ұзамай бұл қару жүйесін осындай әуе қорғаныс жүйесін өздеріне сатудан түрлі желеумен бас тартқан елдерге сататынын мәлімдеді. Десе де түріктердің әуе қорғаныс жүйесі ресейлік немесе америкалық баламаларынан несімен ерекшеленетінін немесе қандай артықшылығы барын айтпады.

0 пікір
Мұрағат