Түріктердің әйгілі қаруы араб елінде құрастырылатын болды
Түріктердің әйгілі қаруы араб елінде құрастырылатын болды
1 жыл бұрын 876 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Anadolu Ajansı

Саудияның Saudi Arabian Military Industries Company (SAMI) әскери өнеркәсіп компаниясы мен түріктердің Baykar авиақұрастыру компаниясы Bayraktar Akinci соққы беруші дронын Саудия аумағында құрастыру туралы келісімге келді. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Парсы шығанағы елдеріне сапарлаған болатын. Бұл келісім осы сапар аясында жасалды. Осылайша Саудияның ұлттық қорғаныс саласы тағы бір тиімді қарумен толықтырылды. Бұдан бөлек, Саудия мен Түркия билігі қорғаныс өнеркәсібі, ғылыми-зерттеу және технология саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған іс-қимыл жоспарын қабылдады. Сонымен қатар, Саудияның қорғаныс министрлігі Baykar компаниясымен тағы екі келісімге қол қойды, бұл келісім бойынша Bayraktar Akinci ұшқышсыз ұшақтарының Сауд Арабиясының әуе және теңіз күштерінде пайдаланылады.

0 пікір
Мұрағат