Түріктер ұшқышсыз аппараты бойынша тағы бір белесті бағындырды (видео)
|
Ұшқышсыp ұшу аппараттарымен әлемнің санаулы жетекші еліне айналған түріктердің Aksungur («Ақсұңқар») деп аталатын ұшқышсыз ұшатын барлаушы-соққы беруші аппараты алғаш рет жерге қонбай 1000 сағат әуеде болды. Бұл жайында islam.kz порталы әскери дронды құрастырған Turkish Aerospace Industries (TAI) компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған компания өкілдері өткен жылдың алғашқы жарты жылдығында стратегиялық маңызы жағынан осы заманғы озық қару түрлерімен теңесе алатын осынау дрон түрін жаппай шығармақ болғанын мәлімдеген болатын, алайда, әлі күнге сынау-тексеру мерзімі аяқталған жоқ. Осы орайда Aksungur-дың 2019 жылы алғаш рет ұшырылған еді, ал әскери миссиясы 2021 жылдың екінші жартысында орындалғанын айта кетпекпіз. Aksungur 750 келіге дейін тартатын әскери керек-жарақ пен оқ-дәріні алып жүре алады әрі 13 шақырым биіктікте бір тәуліктен аса, дәлірегі, 24 сағаттан артық ұша алады. Түркияның брендіне айналған Aselsan компаниясының өнімі болып табылатын бұл аппарат түріктердің TURKSAT жасанды жер серігі арқылы спутниктік жүйемен жабдықталған.