Түріктер өздері жасаған баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді
Түріктер өздері жасаған баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді
7 жыл бұрын 3533 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түрік мамандары мен инженерлері Синоп әскери полигонда алғаш рет өздері жасаған баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді және сынақ сәтті өтті. Бұл жайында Anadolu ақпарат көзі хабар таратты. Бұл арада жақын және қашық радиуста ұшатын Gokdogan және алысқа ұшатын Bozdogan зымырандары турасында сөз болып отыр. Сынақ барысында мамандар іске қосу жүйесі ажыратылғаннан кейінгі зымырандардың қозғалтқыштың мүмкіндіктерін байқап көріп, бағаларын берді. Биыл, яғни, 2018 жылдың соңғы тоқсанында жер бетінде қозғалатын нысандар мен ұшақтан жіберілген оқтұмсықтарды жоятын зымырандар сынақтан өткізіледі. Gokdogan және Bozdogan зымырандарын Түркияның ғылыми-техникалық зерттеулер жөніндегі кеңесі мен қорғаныс өнеркәсібінің ғылыми-техникалық институтының мамандары бірігіп құастырған болатын. Өткен жылы, яғни, 2017 жылы Ыстамбұл шаһарында өткен қорғаныс өнеркәсібінің өнімдеріне арналған XIII халықаралық көрмеде жұртшылықтың назарына ұсынылған еді. Аталмыш жобаны 2020 жылға дейін аяқтау көзделуде. Осыдан кейін аталған баллистикалық зымырандар жаппай шығарыла бастайды.

0 пікір
Мұрағат