Келешекте қай елдердің әскері қуатты күшке ие болады
Келешекте қай елдердің әскері қуатты күшке ие болады
6 жыл бұрын 5112 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2030 жылға қарай әлемде Үндістан, Франция, Қытай, АҚШ және Ресей ең қуатты қарулы күштерге ие болады. Бұл жайында The National Interest ақпарат көзі әскери сарапшы Роберт Фарлиге сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «Ресей әскері 2030 жылы қуатты күшке ие болып қалады, алайда, үлкен кедергімен бетпе-бет келеді. Технологияға қол жеткізе алмауынан қиындыққа кезігеді»,- деді сарапшы. Оның айтуынша, ресейліктердің тағы бір проблемасы қарулы күштері міндетті әрі келісім-шарт негізіндегі жүйеге байланып қалған. Бұл өз кезегінде елдің демографиялық ахуалына да салқынын тигізіп, халық санының кемуіне апарып соқтырады. Сондай-ақ, ол Еуропа елдерінен тек Франция ғана қуатты әскерін сақтап қала алатынын жеткізді. Ал АҚШ онсыз да қуатты әскерге ие, болашақта да бұл әлеуетінен айырылмайды. Үндістан мен Қытайға келсек, екі алып держава қазірдің өзінде қуатты әскер жасақтап үлгерген. 2030 жылға қарай осы қарқынынан таймай, қарулы күштерін жетілдіре береді.

0 пікір
Мұрағат