Түріктер көмір стансаларын көбейтуге наразы
Түріктер көмір стансаларын көбейтуге наразы
1 жыл бұрын 1176 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2014 жылы Түркияның Маниса провинциясына қарасты Сома қаласындағы аса ірі тау-кен апаты орын алды. Жер бетінен 2 мың тереңдікте шахтадағы жарылыстан кем дегенде 300 адам қаза тапты. Соған қарамастан көмір өндіретін компаниялар қызметін тоқтатқан емес. Ол ол ма, өндірісті ұлғайтуға қосымша қаражат бөлген. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көмір өндіру үшін Мұғла провинциясында зәйтүн ағаштарын отап тастады. Көмір алпауыттарының бұл әрекеті өз кезегінде жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын тудырды. Наразылық білдіргендер тәртіп сақшыларымен қақтығысы орын алды. Егей теңізінің жағалауында орын тепкен Милас қаласында зәйтүн ағашы, ал Апшын жазығында қызанақ пен фасол өспейтін болды. Бұдан бөлек, Жатаған (Йатаган) ауданының оңтүстік-батысында өкпе мен өзге де тыныс жолдары аурулары өршіп кеткен. Бұған Түркиядағы ең көне зауыттың атмосфераға метан бөлетіні себеп болып отыр.

0 пікір
Мұрағат