Түріктер енді субмаринаны жоятын беспилотник құрастыруға көшті
Түріктер енді субмаринаны жоятын беспилотник құрастыруға көшті
3 жыл бұрын 2079 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Ares Shipyard

Түркиядағы Ares верфі (кеме құрастыратын әрі жөндейтін орын) субмарина жоятын беспилотник жасайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Стамбұл қаласындағы өткен жұма күні болған IDEF-2021 көрмесіндегі аталмыш верфтің бас директоры Үткі Аланштың мәлімдемесіне жөн сілтеген Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кемеге қарсы беспилот (Anti-submarine warfare — ASW) алғашқысы ULAQ AUSV деп аталатын беспилоттен бастап Ares-тің өзге де беспилотник кемелерініғ қатарын толықтыратын болады. Ares өкілінің сөзіне қарағанда, кемеге қарсы беспилотник Mateksan Defense компаниясымен бірігіп жасалады. Аталмыш бекспилотнкті құрастыру кезінде пайдаланылатын агрегаттардың  90 пайызы Түркияның өзінде жасалған отандық өнім. Соның ішінде қару-жарақ жүйесі толық отандық өнім болып табылады. Осылай деген Ares өкілі жылына елуге дейін теспилотті көлік құралдарын шығара бастайтындарын да жария етті. Алдымен ол Түркияның қауіпсіздік күштерінне пайдалануға беріледі, таяу келешекте эксопртқа шығарылады. Жоғарыда аталған ULAQ USV беспилотнигінің 400 шақырымға дейін жүзе алатынын, ал жылдамдығы сағатына 65 шақырымды құрайтынын айта кетпекпіз. Аталмыш кеменің күндізгі және түнгі мезгілге арналған бақылау-қадағалау каналдарымен, сондай-ақ, құпияланған байланыс модулімен жабдықталғанын жеткізді.   ULAQ USV қаруы төрт Cirit зымыранынан және қашыққа ұшатын L-UMTAS танкіге қарсы екі зымыраннан тұрады. Алыстан басқаруға мүмкіндік беретін автономды аппараты барлауға, конвойлық миссияға және стратегиялық нысандар күзетінде пайдаланылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат