Түрік мұсылмандары орыстардың ысырапшылдығымен қалай күресіп жатыр?
Түрік мұсылмандары орыстардың ысырапшылдығымен қалай күресіп жатыр?
7 жыл бұрын 4633 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түрік қонақ үйлерінің әкімшілігі осы елге демалуға келген орыс туристерінің ысырапшылдығымен күресті бастады. Нақтырақ айтқанда, көзі тоймай "швед столынан" молынан асты алғанымен оны тауыспай жегендерге айыппұл салынады. Бұл жайында «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Типичный турист» тобында Марьяна Лешукова есімді ғаламтор пайдаланушысы жазыпты. Ол тек көрген-білгендерін баяндап қоймай, қонақ үйдің ережесінің фото-суретін де салыпты. Астына табағындағысын тауысып жемегендерге 10 доллар айыппұл салатынын да жазған. "Құдай үшін, шамаларыңызды біліңіздер, Швед столының мағынасы оған тоймай қалсаңыз, бірнеше мәрте барып, салып алуға саяды",- деп пікірін де қалдырған екен. Орыс тілді ғаламтор пайдаланушылар арасында түріктердің бұл тәртібін қолдайтындар да бар болып шықты. "2000-шы жылдары 3 жұмысты қатар істеп жүріп, қатты ашыққаным бар... жалақымызды 6 ай бойы төлемеген кездері есіміздің алдына көршіміз итімізге тастап кеткен тамақтан ішкеніміз бар. Дәл осы орыстар тау-төбе етіп торттарды қалдырып кеткенін көргенде, оларды балағаттағым келеді... алады да тастай салады. Немістердің бойынан ондайды байқамадым",- деп жазыпты өзін Алексей Игоревич атаған ғаламтор пайдаланушысы. 

0 пікір
Мұрағат