Түрік депутаттары жоқшыға айналды
Түрік депутаттары жоқшыға айналды
10 жыл бұрын 3255

Берлин қаласындағы бір мезгілде 350 адамға дейін намаз оқи алатын Мәулана мешітінің ауласында осы айдың 11-і күні өрт шығып, мұсылмандар ғимарат ғибадатының ішіне айтарлықтай зақымданған болатын. Полиция күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мешітке біреулер қасақана от қойған деп есептейді. Өйткені, құрылыс материалдары қоймасындағы тақтайлар алдымен отқа оранған әрі жанар-жағармайдың іздері жатыр. Осы оқыс оқиғаға байланысты Түркиядан депуттардан жасақталған арнайы делегация келді. Дәлірегі, адам құқығы жөніндегі парламент комитетінің өкілдері мен азаматтар жөніндегі басқарма жетекшісі мешіттегі өрттің жай-жапсарын білу үшін Германияға ат арытып келді. Осы оқиғаның алдында немістердің Бильфельд қаласындағы Сүлеймен мешітіне де белгісіз біреулер от қойған болатын. Өрттің кесірінен қасиетті Құранның бірнеше данасы жанып кеткен еді. 2012 жылдан бері осы уақытқа дейін Германиядағы мешіттерге 72 рет шабуыл жасалған екен. Соңғы уақытта вандализм исламофобиялық жат құбылыстың ажырамас атрибутына айналғандай. Бұл – қауіпті тенденция.

0 пікір
Мұрағат