Тұрғындарына бет-жүзін жасырып жүруге тыйым салатын заң қабылданды
Тұрғындарына бет-жүзін жасырып жүруге тыйым салатын заң қабылданды
4 жыл бұрын 2503 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Швейцарияда федералды деңгейде қатарынан үш бірдей заң бойынша референдум өтті. Оның қорытындысы енді жарияланып жатыр. Дәлірегі, оның қорытындысы туралы Swiss Info ақпарат көзі швейцариялық SRG қоғамдық телерадиокомпаниясы келтірген дерекке сүйеніп хабар таратты. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада қоғамдық орындарда бет-жүзді жасыруға тыйым салуды көздейтін, әлеуметтік желідегі электронды персоналды идентификация туралы және Индонезимен еркін сауда-саттық қатынасы жөніндегі заңдар турасында сөз болып отыр. Референдум нәтижесінен белгілі болғандай, Швейцария тұрғындарының адамның жүзін ел көзінен тасалайтын паранжа, балаклава, т.б. гардеробқа жалпы ұлттық тыйым салуды жақтайтыны белгілі болды. Дәлірегі, сайлаушылардың 52,7 пайызы аталған тыйымға жақтап дауыс берген екен. Бұл туралы қоғамдық пікірді зерделеу GFS.Bern жетекшісі Лукас Гольдер (Lukas Golder) мәлім етті. Тек екі пайызы ғана қарсы дауыс берген. Ал «Эгеркинген қаласының комитеті» мүшесі Аниан Либранд (Anian Liebrand) мұндай тыйымды конституцияға енгізуді ұсынып отыр. Осылайша аталған «заңның ит тартқан тулақтай» уақыт өте келе өзгертуіге ұшыратпас үшін осындай бастама көтеріп отыр.  

0 пікір
Мұрағат