Тунис сəлəфизмді насихаттайтын мешіттерді жапты
Тунис сəлəфизмді насихаттайтын мешіттерді жапты
10 жыл бұрын 3342

Тунис ұлттық туризм кеңсесінің төрағасы Абдулфаттах Хмам хабарлағандай, бұдан кейін елде барлық діндер жіті бақылауда болады. Сонымен қатар, елде  зорлық-зомбылыққа үндейтін діндерге тыйым салынады, - деп хабарлайды  e-Islam.kz порталы.

«Алдағы уақытта халықтың арасында діни төзімділікті тарату ісін алға қойып кез-келген экстремизмге қарсы күресті күшейтетін боламыз» деді Абдулфаттах Хмам.

Жуырда ғана Тунис үкіметі сәләфиттік идеологияны насихаттайтын 80 мешітті жапты. Өз сөзінде Абдулфаттах Хмам ендігі жерде кімде-кім теріс идеологияны насихаттаумен айналысса, заң тұрғысынан қатаң жаза қаралатынын ескертті.

0 пікір
Мұрағат