Америкалық суасты кемесінің эпикалық қадамы (видео)
Америкалық суасты кемесінің эпикалық қадамы (видео)
4 жыл бұрын 1638 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2016 жылдан бері АҚШ-тың әскери-теңіз күштері екі жылда бір мәрте Солтүстік мұзды мұхитта жаттығу өткізіп тұрады - Ice Exercise, ICEX. Мұндағы мақсат қиын арктикалық жағдайда әскери техникалардың төзімділігі мен әскери дайындығын тексеруге саяды. Таяуда бетін мұз құрсаған су астынан суасты кемесінің қалай көтерілгені таспаға тартып алынған болатын. Субмарина USS Toledo (SSN-769) мұз көбесін сөгіп, шеті мен шегі көрінбейтін аппақ кеңістікте су астынан асқақтап көтерілген сәті былайғы жұртты бей-жай қалдырмаған еді, тіпті, қайран қалдырғанын айта кету керек. Өйткені, қалыңдығы бірнеше метрге жететін мұз көбесін сөгіп, су астынан көтерілуге көптеген техникалардың шамасы келе бермейді. Керек десеңіз, Аляскідегі Прадхо-Бей шығанағынан солтүстікке қарай шамамен 250 шақырым қашық жатқан Бофорт теңізіндегі мұздың үстінде орын тепкен АҚШ-тың әскери-теңіз флотының уақытша лагері де тас-талқан болды. Онда су асты навигациясын, торпедалық жаттығу мен зерттеу жұмыстарын үйлестіретін бұйрық беру орталығы орналасқан. ICEX-2020 жаттығуы үш аптаға созылды. USS Toledo-мен бірге аталмыш бағдарламаға USS Connecticut (SSN-22) суастынан соққы беруші кемесі де қатысуда. Осынау жаттығуды өткізу үшін АҚШ-тың әскери-теңіз күштері табиғатты қорғайтын құзырлы орыннан арнайы рұқсат алған болатын. Теңіз жануарлары мен сүтқоректілеріне зиянын тигізбеу мақсатында. Десе де соңғы бақылау мәліметінен белгілі болғандай, тіпті, кеме жарығының өзі теңіздегі тіршілік иелеріне қолайсыздық тудырған.

0 пікір
Мұрағат