Цифрлы ораза”: 28 күн әлемжеліден бас тартуға шақырды
Цифрлы ораза”: 28 күн әлемжеліден бас тартуға шақырды
1 сағат бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Liberty University университетінде (Америка құрама штаттары) студенттерге смартфонды шектен тыс пайдаланудың арты рухани зардапқа әкелетіні ескертіліп, 28 күнге созылатын Digital Rest (Цифрлы ораза) челенджін бастады. Бұл жайында islam.kz порталы The Christian Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бастама бойынша студенттер әлеуметтік желіде отыратын уақытын қысқартып, өздерін рухани жетілуге бастайтын істермен (кітап оқу, қоршаған ортаны зерделеу, т.б.) айналысуы тиіс. Студенттер тек әлемжеліден бас тартып қоймай, сонымен қатар, онлайн саудадан да, сауық контенттерден де бойын аулақ ұстауы тиіс. Бұдан бөлек, басы артық қосымшалар мен қолданбаларды жойып, күн сайын 54 беттік Digital Rest Guide оқу құралымен жұмыс істеуі керек. Онда інжілдік мәтіндер қамтылған. Жеке тәжірибесіне қатысты мәселелермен шұғылданады. Бұдан бөлек, студенттер алаңдамауы үшін жатақханаларда әлеуметтік платформаларға кіруді шектейтін Brick құрылғысының 300 данасын уақытша қойған. Аталмыш бастаманы Aro цифрлы жайлылық жөніндегі компанияның негізін қалаған Жоу Одо есімді азамат көтерген екен. Негізінде бұл науқан әлеуметтік желінің адамның психикалық денсаулығына тигізер теріс әсерін төмендетуге бағытталған. Аталмыш жоғарғы оқу орнының осынау бастамасы таяудағы ғылыми деректер негізінде қолға алынып отыр. 2025 жылдың желтоқсан айында JAMA Network Open мерзімді басылымында Гарвард медицина мектебінің доценті Жон Торустың жетекшілігімен жүргізілген зерттеу нәтижелері жарияланды. Онда 18-24 жас аралығындағы жастар арасында әлеуметтік желілерден бір аптаға созылған «детокстың» (бас тарту) әсері зерттелді. Әлеуметтік желілерде отыратын уақытын орта есеппен күніне екі сағаттан қысқартып көрген екен. Нәтижесінде мазаның қашу деңгейі 16,1%-ға, күйзеліс белгілері 24,8%-ға, ал ұйқысыздық белгілері 14,5%-ға төмендеген. 

0 пікір
Мұрағат