Цифрлы дәуір Марокконың діни қайраткерлерін қайта қалыптастыруда
Цифрлы дәуір Марокконың діни қайраткерлерін қайта қалыптастыруда
16 сағат бұрын 164 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокконың діни билігі соңғы жылдары діни қайраткерлер мен ұстаздардың немесе ресми институттардың қолынан жылыстап барады. Бұл жайында islam.kz порталы Arab Policies мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арабтардың саяси зерттеу орталығының академиялық зерттеу нәтижесіне сәйкес аталған елдің діни өмірі әлеуметтік желіге көшіп жатыр. Цифрлы ортада жаңа діни қайраткерлер пайда болып, олардың өз аудиториясы қалыптаса бастаған. Бұл тараптағы зерттеу Facebook сияқты платформалардың Мароккодағы діни ахуылды қалай өзгертетінін қарастырады және мароккалық діни инфлюенсердің сандық кеңістіктегі негізгі ойыншы ретінде өсуіне назар аударған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес діни инфлюенсерлер мен олардың ізбасарлары арасындағы қарым-қатынас интернет кеңістігіне тән “жазылмаған заң”немесе жасырын ережелермен реттеледі. Бұл ережелер әдеттен жоғарыдан төменге баағытталатын формалды діни иерархиялармен емес, күнделікті өзара іс-қимылдармен қалыптасады. Зерттеу осы өзара байланыстың екі негізгі моделін бөліп көрсетеді. Біріншісі адалдық пен құрметке негізделген дәстүрлі үлгіні бейнелейді. Жазылушылар инфлюенсерлердің позицияларын белсенді түрде қолдайды және оларды онлайн-пікірталастарда белсенді қорғайды. Мұндай үлгі немесе үрдіс өз кезегінде “шейх пен шәкірт”иерархиясының классикалық қарым-қатынасын еске түсіреді. Ал екінші модел неғұрлым заманауи және интерактивті тәсілді көрсетеді. Бұл жағдайда бедел тек бір тұлғаға тән емес және жазылушылар инфлюенсердің көзқарасына ойын ашық айта алады, яғни, қандай да бір ойға қатысты өзінің күмәнін жасырмай дауласа алады. Осы динамикаға сүйене отырып, зерттеу ізбасарларды екі топқа бөледі: ықпалды тұлғаның беделін толық мойындайтындар мен белгілі бір шартты шекті бұзуға ұмтылатын (яғни, діни қайраткердің беделін мойында бермейтін) және сындарлы қашықтықты ұстана отырып, контентпен іріктеп өзара іс-қимыл жасайтын адамдар. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 73 пайызы интернеттегі діни ықпалды қадағалайтынын көрсетіп, мұндай тәжірибенің кеңінен тарағанын растайды. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан жастардың 90,5 пайызы әлеуметтік желілерді исламды таратудың заңды құралы ретінде қарастырады. Интернетте діни шешімдерді іздеу талпынысы шектеулі күйінде қалып отыр және тек 7,5 пайызы ғана әлеуметтік желілерге пәтуа үшін жүгінетіінін жасырмайды.  

0 пікір
Мұрағат