Төтенше апат: құрлықтың 40%-н құрғақшылық жайлаған
Төтенше апат: құрлықтың 40%-н құрғақшылық жайлаған
2 күн бұрын 350 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл апат топырақтың құнарсыздануына, су ресурсының тааусылуына, экологиялық жүйенің бұзылуына алып келмек. Бұл жайында islam.kz порталы LiveScience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне қарағанда, соңғы 30 жылда жер бетінің, яғни, құрлықтың 77,6%-н тұрақты түрде құрғақшылық жайлайтын болған. Дәлірегі, құрғақшылықтан көз ашпайтын жер көлемі Үндістан аумағынан да асып кеткен. Құрғақшылық жайлайтын аймақтарда 5 млрд адам өмір сүріп жатыр. Жаһандық жылыну салдарынан, яғни, ауа температурасының көтерілуінен судыңң булану процесі жылдамдаған. Орман-тоғай қурап, жайылым жерлерге шөп шықпайтын күйге жеткен. Бұдан ауыл шаруашылығы мен биологиялық әралуандылыққа қауіп төнді. Су мен жер ресурстарын тиімсіз әрі жосықсыз пайдалану факторлары да бұл дағдарысты одан ары тереңдетіп отыр. 3 млрд-қа тарта адам аталғар ресурстардың жетіспеушілігінен азық-түлік тапшылығын тартады.

0 пікір
Мұрағат