|
Токиода әйел-роботты дүкенге жұмысқа қабылдады (видео)
|
Токиодағы әмбебап дүкендердің бірінде адам кейіпті сатушы әйел-робот жұмыс жасайтын болады. Бұл туралы epochtimes.ru-ге сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.
Сатушыға Аико Чихира деген есім де беріліп қойылды. Бір қызығы, бұл роботты жасау кезінде инженерлер оның қарым-қатынас дағдыларына емес, кескін-келбетіне көбірек көңіл бөліпті. Соның арқасында ол тірі әйелге ұқсайды.
Аико кірпіктерін қағып, басын шұлғып, сөйлеу барысында еріндерін жыбырлата алады. Мұнымен қоса, ол көңіл-күй эмоцияларын көрсетіп, түрін өзгерте алады.
Ол сатып алушылармен жапон тілінде сөйлеседі. Робот-сатушы сұрақтарға жауап бере алмаса да, тауарлар мен акциялар туралы айтып береді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді