The Times: Ресейлік жендеттер Ливияда қожайынға айналды
The Times: Ресейлік жендеттер Ливияда қожайынға айналды
4 жыл бұрын 4267

Ресейлік ВАГНЕР жалдамалы жендеттері Ливия үшін шайқасып жатыр. Олар БҰҰ мойындаған Ливиядағы билікке қарсы шығып, генерал Хафтарды жақтауда. Бұл жайында abai.kz мәлім етеді.

"Жақында ресейлік жалдамалы жендеттер Триполи қаласының маңында пайда болған сәтте, АҚШ Хафтардың қауіпті ойын ойнап жүргенін ескерткен болатын. Ливиядағы билікті басып алып, өзін диктатор ретінде жарияламақ ойы бар Хафтардың өзі ресейлік жендеттердің қызметкеріне айналып кетуі мүмкін. Ресей қорғаныс министрлігі мен Кремльге ғана бағынатын жендеттер, Хафтарға қызмет ететін кейіп танытпайды. Хафтар жақтастары олардың кетуін қалап отыр», - деп жазады The Times.

"2 мыңнан астам жалдамалы жендеттер Ливияның шығыс және оңтүстік бөлігінде орналасқан. Келісім бойынша олар бір ай бұрын елден кетуі тиіс еді. Алайда не ресейлік жендеттер, не оларға қарсылас түркиялық әскерилер Ливиядан кетер емес. Барлығы да Африкадағы мұнай қоры мол Ливияда қалуды қалайды. Хафтардың жақтастары шешім қабылдау бойынша биліктің біртіндеп ресейлік жалдамалы жендеттерге өтіп бара жатқанына алаңдаулы. Олар Ливияның біраз бөлігінде ресейлік жендеттер қожайынға айналғанына секеммен қарауда», - делінген мақалада.

0 пікір
Мұрағат