|
Терроризммен күрес жаттығуындағы қате тәсіл мұсылмандардың наразылығын тудырды (видео)
|
Манчестер полициясы терроризммен күреске қатысты жаттығу кезінде өте өрескел қателік жіберді. Атап айтқанда, Манчестердегі «Trafford Centre» сауда орталығында содыр болып киініп алған тәртіп сақшысы «Аллаһу акбар!» деп терроризмді исламмен байланыстырып, онсыз да жаңсақ ұғымның жетегіндегі жұртты одан ары шатастырды. Бұл жайында «The Guardian» ақпарат көзі хабар таратты. Бұл жаттығуға ондаған полиция қызметкері мен өз еркімен жүздеген адам қатысты. Бұл жаттығу өз кезегінде Ұлыбритания мұсылмандарының наразылығын тудырды. Қателікке жол бергендерін түсінген жергілікті полиция өкілі Гарри Шувана осы елдегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар жарық жылдамдығын таспаға тартып алудың орайын тапты (видео)
■
Ширек ғасырда адамзаттың 80%-ы су тапшылығын тартады
■
Мұсылман елінің тұтас бір провинциясы ауыл шаруашылығын жүргізуде гидропонды технологияға көшеді
■
Cингапур алаяқтарға дүре соғу жазасын заңдастырды және мұндай жаза қай елдерде бар
■
Түркі елі түрме инфрақұрылымын дамытып жатыр