Террорист өлім жазасына кесілді
Террорист өлім жазасына кесілді
10 жыл бұрын 3775

Үстіміздегі жылдың маусым айының 26-ы күні Кувейт қаласындағы шииттердің мешітінде жұма намазы кезінде жарылыс жасағандардың біреуі сот үкімімен өлім жазасына кесілді. Терактінің салдарынан 27 адам қаза тауып, 200-ден аса адам жарақат алды. Бұл жарылыстың жауапкершілігін ИСИМ содырлары өз мойындарына алды. Кувейт ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, бұл қанды қасапты Сауд Арабиясының тумасы Фахд Сүлеймен Әбдімохсен әл-Қаба жүзеге асырған. Осы терактіге қатысы бар тағы сегіз адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тағы 14 адамға тағылған айып негізсіз деп танылды. Бұл жайында Sky News Arabia ақпарат көзі хабар таратты. Сөз реті келгенде айта кетейік, Кувейт халқының 85 пайызын мұсылман жамағаты құрайды. Олардың 30 пайызы шииттер болып табылады.

0 пікір
Мұрағат