Telegram исламға қарсы ма?
Telegram исламға қарсы ма?
4 жыл бұрын 4578 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық Politico басылымы жылдың «басты бұзақыларының» рейтингісін түзіпті. Аталмыш рейтингтің басында Telegram-ның негізін қалаған Павел Дуровтың аты-жөні тұр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Рейтингті түзгендер  ақпараттық-ресурстық жобасы үшін бүгінгі күннің қаһарманына айналған, 36 жастағы Павел Дуровты қатаң сынға алған екен. Дәлірегі, АҚШ-та Telegram ұзақ уақыт бойы еуропалық елдердің террористік насихат пен арандатудың құралы ретінде саналып келгенін айта кету керек. Танымал Facebook, Twitter секілді платформалар зорлық-зомбылыққа бастайтын қате ақпараттармен, жалған деректермен күресіп келеді. Бұл бағытта арандатушылыққа жол беретін жазбалары үшін интернет пайдаланушының аккаунтын бұғаттап тастайды. Ал америкалық сарапшылар Telegram-ның арам пиғылдылардың материалына пана болып отырғанын жазыпты. Мәселен, исламға қаны қас Томми Робинсон (шын аты-жөні - Стивен Кристофер Яксли-Леннон) есімді белсендінің Telegram-дағы каналын келтіруге болады. 35 мың жазылушысы бар оның өзге, атап айтқанда, Twitter, Instagram, Facebook және YouTube әлеуметтік желілердегі парақшасы бұғатталған. Осылайша оның түрлі арандату мақсатындағы материалдарына тосқауыл қойған. Рейтингті түзушілердің жазуынша, Ресей Федерациясы аумағында қызметі мен насихатына заң жүзінде тыйым салынған, ислам атын жамылған лаңкестік топтардың аккаунтын Павел Дуровтың да бұғаттайтынын мойындапты. Алайда, ол РФ-да заңмен тыйым салынғандықтан бұғаттайды. Заң талаптарына байланысты проблемадан қашу үшін. Ал Томми Робинсон секілділер бұғатталмаған. Павел Дуровтың осындай әрекеттеріне баға берген сарапшылар оны «Өзі сот, өзі жендет, өзі алқа би» деп мысқылдапты. 

0 пікір
Мұрағат