Таяуда Ыстықкөлде халал курорт ашылады
Таяуда Ыстықкөлде  халал курорт ашылады
9 жыл бұрын 3099

«Біздің елде халал-туризм жоқ, сондықтан бұл Қырғызстандағы мүлде жаңа бағыт. Қазіргі таңда біз тұңғыш халал демалыс орталығын ашқалы жатырмыз, онда шариғаттың барлық қағидасы сақталады. Пансионат өз жұмысын туристік маусымның басына қарай бастайды. Мен өз демалыс орталығымды XVII халықаралық туристік жәрмеңкеде таныстырдым», – деп хабарлады халал курорттың бас директоры Данияр Исақов. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Кәсіпкер халал пансионатта мұсылмандарға арналған тамақтың барлық стандарттары сақталғанын, сондай-ақ әр нөмірде жайнамаз, Құранның бар екенін және бұл пансионатта ішімдікке жол берілмейтінін түсіндіріп өтті.

Данияр Исақов демалыс орталығында ерлер мен әйелдерге арналған бөлек-бөлек жағажайлар күтіп тұрғанын айтып, жағажайлардың бөлуші жолақпен шектелетінін немесе ерлер мен әйел адамдардың оларға бөлек уақытта бара алатындығынан хабардар етті.

«Бұл біз өзімізге біреу-міреуді кіргізбейміз деген сөз емес, бізде жай ғана ереже сондай. Негізгі басымдықты біз шариғат бойынша демалуға жасаймыз», – деп нақтылады халал курорттың директоры.

Халал демалыс орталығында 8 жанға жайлы нөмір және 2 VIP-нөмір, кафе*бар және балалар алаңы қарастырылған. Жаттығу залын салу жоспарда бар.

Халал демалыс орталығы Ыстықкөл ауданының Корумду ауылында орналасатын болады.

2 пікір
Мұрағат