Таяу Шығыстағы ең ірі көл тартылды
Таяу Шығыстағы ең ірі көл тартылды
2 ай бұрын 964 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: © depositphotos.com/tolgasu

Күллі Таяу Шығыс аймағы бойынша ең ірі көл толықтай тартылып, табаны көрінді. Бұл жайында islam.kz порталы irannewsupdate.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тарихы тереңде жатқан, яғни, 4000 жылдан аса уақыттан асқан Үрмия көлінің аумағы 6000 шаршы шақырымға дейін жететін. ИИранның солтүстік-батыс өңірінде орын тепкен аталмыш көлдің суы тұзды болып келеді. Өткен ғасырдың 80-ші жылдардың өзінде көлдің жағалауы шамамен 140 шақырымға созылып жататын, ал ені 55 шақырым болатын. Биыл көлдің табаны көрініп, тек шалшық су қалған. Климат дағдарысынан. Бұрынғы айбынды айдынның жағалауы сортаңға айналған. Үрмия көлінің суалуы сол маңдағы тұрғындарға ауыр тиді. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы, адамдар судан қағылып қана қоймай, сонымен қатар, тартылған көл табанынан көтерілген тұзды шатозаң сол өлкенің топырағын іске алғысыз етіп жатыр. Көлдің тартылуына себеп болған ең негізгі фактор – су бөгесіндері. Дәлірегі, көлге құятын өзендерге салынған бөгесіндер Үрмияның 70%-ға дейін тартылуына ықпал еткен. Бұдан бөлек, заңсыз құдықтарға кеткен. Ел аумағында 1 млн-ға тарта құдық бар. Судың түбіне ауыл шаруашылығы жетті десе де болады – Иранның су ресурсының 88%-ы осы салаға кеткенімен ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10%-ға әзер жетеді. Су ресурсының тапшылығына байланысты Иран астанасын ауыстыруы мүмкін. Өйткені, бүгінде Теһрандағы халық саны 15 млн адамнан асып кеткен. Оның үстіне, жерасты суыныңң сарқылуына байланысты аса ірі қала шөге бастаған.

0 пікір
Мұрағат