Таяу Шығыстағы ең бай қала аталды
Таяу Шығыстағы ең бай қала аталды
8 ай бұрын 1281 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

72 500 миллионер тұратын Дубай Таяу Шығыстағы ең бай қала деп танылды. Дубай Henley & Partners компаниясының ауқатты адамдар ең көп шоғырланған қалалардың жаһандық рейтингісінде 21-ші орынға ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде BUSINESS EMIRATES ақпарат көзіне жөн сілтеген THE NATIONAL дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы 10 жылда Дубайда миллионерлер саны 78 пайызға өскені нақтыланды. Сонымен қатар, әмірлікте центииллионерлер деп аталатын 100 миллион доллар дәулеті бар немесе ауқаты одан да көп 212 адам және 15 миллиардер тұрады. Біріккен Араб Әмірлінінің астанасында (Әбу-Даби қаласы) капиталы 1 миллион доллардан асатын 22 700 адам тұрады. Оның үстіне, соңғы 10 жылда олардың саны 75 пайызға өскен. Әбу-Дабиде 68 центиллионерлер мен 5 миллиардер тұратынын естеріңізге сала кетпекпіз. Соңғы мәліметке сәйкес Шаржда бай адамдар санының 95 пайызға өскенін тіркелген: бұл әмірлікте 4100 миллионер, 11 центимиллионер тұрады. 18 200 миллионер, 67 центимиллионер және 8 миллиардер (40%-ға өскен) бар Ер-Рияд (Саудия астанасы) пен 7500 миллионер, 32 центииллионер және 8 миллиардер тұратын Жидда қалалары байлық еселеніп өскен орталықтарға айналған. Henley & Partners мағлұматы бойынша Нью-Йорк мегаполисі әлемдегі ең бай қала болып саналады, онда 349 500 миллионер тұрады, олардың жалпы байлығы 3 триллион доллардан асады. Сонымен қатар, Нью-Йоркте 744 центииллионерлер мен 60 миллиардер тұрады

0 пікір
Мұрағат