Таяу Шығыста тағы бір дағдарыс белең алып келеді
Таяу Шығыста тағы бір дағдарыс белең алып келеді
2 жыл бұрын 2184 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Mohammed Talatene / Getty Images

Таяу Шығыста лаңкестік ұяшықтардан бастап барлау агенттіктеріне дейін көптеген мүдделі тараптар арасында соғыстың жаңа түрі жүріп жатыр: есірткіге қарсы соғыс, оның аймақта таралуы шын мәнінде апатты пропорцияларға ие бола бастады: Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары Таяу Шығыс елдеріндегі заңсыз заттарды қолданудың жұқпалы індет секілді қауіпті сипат алып келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта аталған аймақ елдері есірткі трафигімен күресу үшін мейлінше қатал жаза қолдануды көздейтін күрес шараларын қолға алса да нәтижесі көңіл көншітпеді. Мәселен, 2019 жылы Саудия есірткі контрабандасы бойынша айыпталған 3 адамды өлім жазасына кесті. Олардың бірі Мысыр азаматы, екеуі – палестиналық. Соған қарамастан аталған араб еліндегі жағдайы күрделі күйінде қалып отыр, атап айтқанда, есірткінің танымалдылығы ішінара тәркілеу туралы хабарламалармен расталады. Мысалы, 2022 жылдың қыркүйегінде Саудия билігі ел астанасы Ер-Риядтағы қоймадан 47 миллионға жуық амфетамин дәрісі табылғаннан кейін ел тарихындағы ең ірі есірткі партиясы тәркіленгенін жариялады. «Алкоголге және есірткіге тәуелділік» мерзімді басылымының келтірген мәліметі бойынша 2016 және 2018 жылдар аралығында Саудияда нашақорлар саны 300 пайызға өскен. Саудияның есірткіге қарсы күрес жөніндегі бас агенттігі гашиш қолданушылардың 70 пайызы әлі мектепте оқиды, деп есептейді. Жиддадағы әл-Амал ауруханаларының жазбаларына сәйкес тек 25 пайызы ғана нашақорлықтан айыққан. Саудиялықтардың есірткіге (әсіресе, гашишке) жүгінуінің негізгі себептеріне депрессия (күйзеліс), әлеуметтік мәртебеге байланысты айырмашылық, танымал актерлеріне еліктеу, жаңа нәрсенің дәмін татып көргісі келу, зерігу, батыстық мәдениеттің ықпалы, т.б. жатады. Ал бұқаралық ақпарат құралдары масайтатын заттарды пайдалану жиілігін 2021 жылы 29 пайызды құраған жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығымен байланыстырды. Есірткі тарфигі Таяу Шығыста 2000-шы жылдан кейін қарқын алған. Есірткінің аталған аймақта таралуына содырлар мен мүдделі билік орындары ықпал еткен. Washington Institute сараптамалық орталығы зерттеушілерінің пікірінше, есірткі өндірудің артында Сирия билігі мен ирандық тұлғалар болуы мүмкін. Сирияда соғыс басталғаннан бергі соңғы он жылда контрабанда сипаты күрт өзгерген: егер бұрын елге негізінен мал, темекі және қару-жарақ заңсыз әкелінсе, бүгінде қылмыскерлердің назары. гашиш, каптагон және кристалды метамфетамин сияқты есірткілерді тасымалдауға ауған. Иордания мен Сирия арасындағы 375 шақырымдық шекара арқылы Иорданияға орасан зор мөлшерде есірткі келген. Контрабандистер негізінен Насиб бақылау-өткізу пункті мен Сирияның Дариа губернаторы арқылы өтетін жолды таңдайды, сол жерден Иорданияның Рамта қаласына кіреді. Бұл нүктелер тек Иорданияға ғана емес, сонымен қатар, Таяу Шығыстың басқа елдеріне де жол ашады, осылайша Сирияда өндірілген есірткі бүкіл Таяу Шығыстың бас ауруына айналған. 2020 жылы Сириядан Captagon экспорты 3,46 миллиард долларды құрады. Аталған есірткілік зат бірден бірнеше бағытқа – Ауғанстанға, Израилге, Иранға және Ливанға жол тартады, бұған қоса, гашиш, каннабис және амфетамин де тасымалданады. Иордания Қарулы Күштерінің полковнигі Зейд әл-Даббас BBC News-ке Сирияның оңтүстігінде кем дегенде 160 контрабанда тобы жұмыс істейтінін, оның ішінде жүк тасымалдау үшін ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланатынын айтты. БҰҰ дерегінше, 2015-2019 жылдар аралығында табылған каптагонның жартысынан көбі Сауд Арабиясында аумағында тәркіленген. Осыдан сәл бұрын АҚШ жағалау күзетінің қайығы Оман шығанағында балық аулайтын қайықтан құны миллиондаған доллар тұратын 320 келі амфетамин таблеткасы мен 3 мың келіге жуық гашиш тәркіледі. 17 млн каптагон таблеткалары, амфетамин түріндегі затты иорданиялық әскерилер 2022 жылдың қаңтар-сәуір аралығында тәркілеген (бұл көрсеткіш бүкіл 2021 жылы 15,5 миллионды құраған еді).

0 пікір
Мұрағат