Таяу шығыста стартаптарға қаржы тартуда Саудия көш бастады
Таяу шығыста стартаптарға қаржы тартуда Саудия көш бастады
2 ай бұрын 542 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Rasmal инвестициялық банктің зерттеу нәтіижесіне сәйкес Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі осы жылдың қыркүйек айында MENA аймағындағы стартаптарды қаржыландыру бойынша көшбасшы атанды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде BUSINESS EMIRATES ақпарат көзіне жөн сілтеген  Arabian Business дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Деректерді жинау және талдау платформасы аталған аймақтағы 60 стартап 2024 жылдың қыркүйегінде жалпы сомасы 328,3 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы жинағанын хабарлады. Бұл тарапта стартаптарға 36 түрлі инвестордан қаржы тартылған. Сауд Арабиясы инвестиция тарту бойынша көш бастап, стартаптары 165,34 миллион доллар жинады, бұл шама MENA аймағындағы 13 стартапқа тартылған жалпы инвестицияның жартысынан көбін құрайды. Саудия билігі озық технологиялар мен инновацияны  дамытуға басымдық беретін Vision 2030 стратегиясының бөлігі ретінде ұлттық экономиканы әртараптандыруға күш салып келеді. Баяндамада БАӘ аймақтың стартаптар экожүйесінің негізгі ойыншысына айналғаны, стартаптары 114,32 миллион доллар мөлшерінде инвестиция тарта алғаны айтылған. Биыл тек қыркүйек айының өзінде БАӘ-нің 28 стартапы қомақты қаржыға ие болған. Fintech, электрондық коммерция және жылжымайтын мүлік технологиясы (PropTech) инвесторлар үшін ел экономикасының ең тартымды секторлары болып отыр. Ал аймақтағы өзге елдерге келсек, Мысыр стартаптары 25,09 миллион доллар инвестиция тарта алған екен. Бахрейн, Оман және Мароккодағы стартаптарғға қаржы аз құйылған. Керісінше, Ирак және Кувейттегі стартаптар венчурлық капиталды тартуда қиындықтарға тап болып отыр.

0 пікір
Мұрағат