|
Тарауық намазы оқылмайтын болды енді (видео)
|
Йемен астанасы - Сана қаласындағы мешіттерде қасиетті Рамазан айында оқылатын тарауық намазын оқуға тыйым салынды. Тыйымды салған шиғалық хусит тайпасының бүлікшілері. Төмендегі видеодан байқалғандай, хуситтердің қарулы жасағы мешітке баса-көктеп кіріп келіп, намазды бұзады. Қарулы топ хуситтердің көсемі Әбдімәлік Хусидің бұйрығымен тарауық намазына тыйым салынғанын жеткізеді. Естеріңізге сала кетейік, 2004 жылы Иран билігі шиға болғаны үшін қолдау көрсетуімен әрі дем беріп, желіктіруімен Йемен аумағындағы шиғалық хусит тайпасы заңды билікке қарсы көтеріліп, бүлік шығарған еді. Олар 2015 жылы ел астанасын басып алғанымен әлем қауымдастығы олардың билігінің заңдылығын мойындаған емес.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды