Тақ мұрагері исі мұсылманды өзіне қарсы қоятын мәлімдеме жасады
Тақ мұрагері исі мұсылманды өзіне қарсы қоятын мәлімдеме жасады
7 жыл бұрын 5505 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман исі мұсылманды өзіне қарсы қоятын, Палестина-Израил жанжалына байланысты әлемді елең еткізген мәлімдеме жасады. Америкалық The Atlantic мерзімді басылымына берген сұхбатында тілшінің «еврей өзінің бабасынан қалған атамекенінің ең құрығында бір пұшпағында ұлттық мемлекет құруға хақылы ма?» деген сауалына орай қайтарған жауабында «Палестиналықтар да, израилдіктер де өз жеріне иелік етуге құқығы барына сенімдімін»,- деді. Саудияның тақ мұрагерінің бұл сөзін Deutsche Welle ақпарат көзі келтірген екен. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Саудия Израилді мемлекет ретінде әлі күнге ресми мойындаған емес, осы палестина мәселесі бойынша. Нақтырақ айтқанда, 1967 жылы Израил жаулап алған Палестина аумағынан бас тартпайынша мойындамайтынын да ашық мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек, Саудия 2002 жылдан бері Палестина-Израил жанжалын реттеуге кіріскен болатын. Десе де тақ мұрагерінің тарихи шындықты мойындағандай болып, жалпылама берген жауабынан Изриал факторын жоққа шығаруға болмайтынын меңзегендей еді.

0 пікір
Мұрағат