Танзанияда 5 млн құсты қырып тастады
|
Африка құрлығының шығысында орын тепкен Танзанияда бес млн құсты биліктің пәрменімен қырып тастады. Күріш алқабын қорғау үшін. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің өсімдіктерді қорғау және тыңайтқыштар жөніндегі басқарманың бас директоры Жозеф Ндунгурудың айтуынша, билік мұндай қадамға амалсыздың күнінен барған, дәлірегі, қызыл тұмсықты тоқымашы зиянкес құстардың біріне жатады. Олар бір күнде 50 млн тоннаға дейін ауыл шаруашылық дәнді дақылды тып-типыл етеді. Олардың санының көбеюі өз кезегінде 400 гектардан аса алқапқа қауіп төндірген. Аталмыш құсты қасақана жою науқаны табаны күректей төрт күнге созылған. Бұл бағытта дрондар пайдаланылған. Қызыл тұмсықты тоқымашы құс әлемге әйгілі Сахара шөлінен оңтүстікке қарай көптеген елде тіршілік етеді. Жұп жазбай тобымен ұшатындықтан жолындағысын жайпап кетеді.