Танымал тұлғалардың исламофобиялық құбылысқа қатысты мәлімдемелері
|
Түркияның премьер-министрі Ахмет Дәутіоғлы Германия канцлері Ангела Меркелмен ресми кездесуі барысында терроризмнің қандай да бір дінмен еш байланысы жоқ екенін мәлімдеді: «Терроризмді исламмен, христианмен немесе буддизммен байланыстыруға болмайды. Террористер талай мұсылманның түбіне жетті, осы үшін діни конфессиялар емес, нақты террористік ұйымдар жауапкершілікті өз мойындарына алады. 2011 жылы Норвегияда орын алған терактіні біз «ақ нәсілділердің» немесе «христиандардың» терроры деп ат қойып, айдар таққан емеспіз. Сондай-ақ, ислам терроры деп атауға болмайды, әйтпесе, біз террористер құрған тұзаққа түсіп қаламыз», - деді. Ал әлемге әйгілі 53 жастағы Голливуд актері Джордж Клуни «Алтын глобус» беделді сыйлығын тапсыру салтанатында былай деді: «Дәл қазір біз мұның бәрін ой елегінен өткізуге тырысып жатырмыз. Қызбалыққа салынбайтынымызға үміттенемін. Біз бұдан сақтануымыз керек. Еуропаның түрлі аймақтарында қазіргі уақытта мұсылмандарға өшпенділік өршіп тұр. Біз оның арты адам айтқысыз зорлық-зомбылыққа ұласпайтынына көз жеткізуіміз керек».