Тәліптер қызыл лентаны қию рәсіміне тыйым салды
|
Күні кеше ғана ауған билігіндегі тәліптер қозғалысы мұсылман еместердің өмір сүру салты мен сыртқы келбетіне (мәселен, сәндеп шаш қиюға, қырынуға, жинсы киюге, т.б.) еліктеуге тыйым салып еді (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/auganstanda-musylman-emesterge-elikteuge-tyiym-salyndy-20795/#gsc.tab=0). Бұл жолы Ауғанстан әмірі Хайбатулла Ахундзада «кәпірлерге ұқсамау» үшін қандай да бір салтанатты шарада қызыл лентаны қию рәсіміне тыйым салуға пәрмен берді. Бұл жайында islam.kz порталы Independent Persia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, билік тарапынан қабылданған заңнаманы, ережелерді және тәліптердің жүргізіп отырған саясатын сынауға, сондай-ақ, саяси шараларды тікелей эфирден көрсетуге (транслация ) тыйым салды. Бұдан бөлек, кілемде аяқ киіммен жүруге, аралас жекпе-жекке тыйым салғанын айта кетпекпіз.