Тәліптер жұма намазы кезінде жарылыс жасады
|
Тәліптердің «Пәкістанның Теһрик-и-Талибан» деп аталатын қанатының содырлары Пешавар елді-мекеніндегі шиит мешіттерінің бірінде жұма намазын оқып жатқан мұсылмандар жамағатына шабуыл жасады. Алдымен оқ жаудырған, артынан жарылғыш затты іске қосқан. Соңғы мәлімет бойынша нәтижесінде кем дегенде 22 адам қаза тауып, 60 адам жарақат алған. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Олар жергілікті ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, бұл жарылыстың артында «Пәкістанның Теһрик-и-Талибанмен» тығыз байланыс орнатқан «Жандулла» лаңкестік ұйымы тұр. Аталған топ үстіміздегі жылдың қаңтар айының соңында Пәкістанның оңтүстігінде орын тепкен Синд провинциясына қарайтын Шикарпуре елді-мекеніндегі 60-тан аса адамның өмірін қиған жарылысты ұйымдастырған болатын.