Оқулықтан қате табылды
Оқулықтан қате табылды
9 жыл бұрын 4271

Татарстан Мұсылмандар діни басқармасының сарапшылары “Муаллим ас-сани” атты араб тілінің оқулығындағы толықтыруларға алаңдаушылық білдіріп отыр. Дін сарапшыларының айтуынша, онда идеологиялық өрескел қателік кеткен. WhatsApp мессенджерінің арнайы тобында пайда болған ақпаратқа қарағанда танымал татар ғалымы Аһмадқады Мақсуди курсы бойынша құрастырылған қасиетті Құранды оқыту жөніндегі оқу құралында Ханафи мәзһабына қайшы келетін тұстары бар. Онда мұсылмандар Ханафи мәзһабы бойынша тек жүрекпен және тілмен ғана иман келтіріп қана қоймай іспен де көрсетуі қажет екені айтылған. Яғни, іспен көрсетуі тиіс дегенде күніне бес уақыт міндетті түрде намаз оқу керектігі айтылған. Ханафи мәзһабы бойынша бұл парыз болып табылғанымен иманды білдірудің нақты шарты болып табылмайды. Ал сәлафшылар күніне бес уақыт намаз оқымаған адамды кәпір санайды. Сарапшылар мұны тек өрескел қателікке жатқызып қана қоймай, шектен шыққан радикализмге дейін апаратын концептуалды мәселе ретінде қарастырып отыр. 

3 пікір
  • Тақырып дұрыс қойылмаған секілді
    9 жыл бұрын
  • Ассаляму алейкум! Біздегі оқулық осындай, "Муаллим сани" деп кана тұрады. Қабы жасыл. Рисаля баспасынан шыққан. Авторы Ахмадхади Максуди. Алайда ішінде ондай жазылғанын көрмедім, мумкін ол басқа кітабы болар... Негізі өте жоғары деңгейде құрылған таджуид кітабы, өрескел жағдайы тұралы өте ынғайсыз болды - ау, ин ша Аллах ол басқа басылымы болар деп сенелік((( Анығын Аллаһ біледі
    9 жыл бұрын
  • Өз мазхабтарына оздері кайшы келіп отыргой " Ханафи мәзһабы бойынша бұл парыз болып табылғанымен иманды білдірудің нақты шарты болып табылмайды."
    9 жыл бұрын
Мұрағат