Тәліптер басқарған Ауғанстанда елшілігін ашқан алғашқы ел белгілі болды
Тәліптер басқарған Ауғанстанда елшілігін ашқан алғашқы ел белгілі болды
1 жыл бұрын 4180 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай халықа республикасы Ауғанстан билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысымен (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) елшілік деңгейінде дипломатиялық қатынас орнатқан алғашқы ел атанды. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың Ауғанстандағы жаңа елшісі Шао Син Ауғанстанның премьер-министріне Кабул қаласында сенім граматосын тапсырды. Осылайша тәліптер билік басына келгелі осы елдегі алғашқы елші ретінде танылды. Бұған дейін Пәкістан мен Еуропалық Одақ Кабулдағы дипломатиялық өкілдіктердің басшысына дипломаттарын жіберген, алайда, олар елшілік міндеттерін уақытша орындауға ғана жауапты тұлғалар болатын.

0 пікір
Мұрағат