Тәліптер Ауғанстанда өздерінің мемлекеттік органын құратынын мәлімдеді
Тәліптер Ауғанстанда өздерінің мемлекеттік органын құратынын мәлімдеді
8 жыл бұрын 3768 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәліптер қозғалысы Ауғанстан аумағында өздерінің мемлекеттік органын құруға бел байлап отырғанын мәлімдеді. Аталған қозғалыстың баспасөз хатшысы Забихуллы Муджахидтың айтуына қарағанда, қазіргі уақытта тәліптер ауған жерінің 52 пайызын өз бақылауында ұстап отыр. Тәліптердің бұл қадамы нені аңғартады? Тәліптер ендігі жерде өздері басқыншы санайтын жат жұрттықтармен күрес жүргізіп қана қоймай, мемлекет істерін өз қолына алмақ. Осылайша, ел арасндағы ықпалын арттыруға күш салады. Бұл жайында ресейлік "Известия" мерзімді басылымы хабар таратты. Айта кету керек, ауғандықтардың дені тәліптер қозғалысын елді жат жұрттықтардан азат етуші ұйым ретінде таныса, ірі ойыншылар мен аталған аймақта мүддесі тоқайласқан саяси державалар тәліптерді тыйым салынған террористік ұйым санайды. 

0 пікір
Мұрағат