Тәліптер әйелдерден арнайы жасақ құрды
Тәліптер әйелдерден арнайы жасақ құрды
2 жыл бұрын 1636 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде, ссоның ішінде Қазақстан аумағында да қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) ішкі істер министрлігі жанынан қоғамдық қауіпсіздікке жауапты әйелдер бөлімшесін құрды. Бұл жайында islam.kz порталы Tolonews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазірі уақытта арнайы оқу-жаттығу курсынан 100 әйел өтіп жатыр. Тәліптердің ресми өкілдері бұл туралы, дәлірегі, әйелдер жасағының нақты міндетері мен құрылу мақсаты туралы мәлімдеме жасаған жоқ, алайда, сарапшылар тәліптердің түрлі тыйымдарына (білім алуға, т.б.) байланысты жиі шеруге шығатын әйелдердің наразылығын басу үшін құрылғанын алға тартып отыр. Сөз орайы келгенде тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдың тамыз айынан бастап ауған әйелдері бірқатар шектеулерге тап бола бастады, атап айтқанда, жоғарғы оқу орнында жалаңбас келуге, нақты бір лауазымды қызметті атқаруға, кей мамандық түрлерін таңдауға, т.б. тыйым салған болатын.

0 пікір
Мұрағат