|
Тайландта туристер үшін криптовалютаны айырбастау мүмкіндігі пайда болды
|
Тамыз айының 18-нен бастап Тайландта туристерге криптовалютаны лицензиясы бар операторлар арқылы тайдың төл ақшасына (бат) айырбастауға мүмкіндік беретін TouristDigiPay бағдарламасы ресми іске қосылды. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоба реттеуші органдардың қадағалауымен жарты жыл іске асырылады. Ережеда қарастырылған талаптарға сәйкес цифрлық активтерді тікелей есеп айырысу үшін пайдалануға болмайды - төлем ұлттық валютаға айырбасталғаннан кейін және электрондық төлем сервистері арқылы ғана мүмкін болады. Биліктің хабарынша, бағдарлама ел ішінде төлем құралы ретінде криптовалюталарды танымал ету немесе заңдастыру мақсатын көздемейді. Бағдарлама туристер тарапынан өсіп келе жатқан қызығушылыққа жауап ретінде ғана енгізілген. Бастаманың барлық қатысушылары ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі нормаларды сақтауға, ал пайдаланушылар - жеке басын растау процедурасынан өтуге міндетті.