Тағзым етуден табынуға дейін... (фото+видео)
Тағзым етуден табынуға дейін... (фото+видео)
5 жыл бұрын 3269 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуды Түркия қоғамын дүрліктірген Ататүрікті ұлықтау шарасы асыра сілтеуге ұласқан болатын. 1938 жылдың қараша айының 10-ы күні Стамбұл шаһарында дүние салған, осы күнгі Түркия республикасының негізін қалаған Ататүріктің қаза болған күнін атап өткен болатын. Түрік қоғамы. Түріктердің TRT Haber деп аталатын мемлекеттік жаңалықтар қызметі таратқан хабарына қарағанда, мемлекеттік деңгейде аталып өткен осынау шарада кей мектептер исламға қайшы әрекеттерімен көзге түсіп, түрік қоғамын шулатқан еді. Кей мектеп басшылары оқушыларды Ататүріктің бейнесі алдында сәждені еске түсіретін әрекетке баруға мәжбүрлеген. Яғни, тізерлеп, маңдайларын жерге қойып, «тағзым етті». Осынау келеңсіздікке байланысты аталған елдің білім беру министрлігі кей мектеп басшылығының бұл атаулы күннің мәні мен маңызын үстірт ұғып, тотолитарлы ритуалға жол берген. Аталмыш министрліктің пәрменімен осындай келеңсіздікке жол берген мектеп директорлары қызметінен қуылды.

 

 

0 пікір
Мұрағат