Шенеуніктерге берілетін басы артық артықшылықтарды жоюдан мемлекет қанша қаражатты үнемдейді
Шенеуніктерге берілетін басы артық артықшылықтарды жоюдан мемлекет қанша қаражатты үнемдейді
4 жыл бұрын 2134 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иракта лауазымды мемлекеттік қызметкерлер бірқатар артықшылықтар мен қаржылай жеңілдіктерден қағылады. Ирактың Baghdad Al Youm ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, лауазымды мемлекеттік қызметкерлер осы уақытқа дейін пайдаланып келген артықшылықтар мен жеңілдіктерді жоюға бағытталған тиісті заң жобасы парламент тарапынан қабылданды. Қолданысқа енген аталмыш заң талаптары сот, атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарының бәріне қатысты. Ішінара алғанда, жеке күзетші жалдауға, мемлекет қаржысы есебінен тегін медициналық тексеруден өтуге әрі емделуге, т.б. қаражат бөлінбейтін болады. Аталған елдің парламентіндегі қаржы жөніндегі комитет жетекшісі Қайтам әл-Жубуридің айтуынша, лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге берілетін артықшылықтар мен жеңілдіктердің жойылуына байланысты ел бюджетінің шығыны 25%-ға кемиді. Бұл нақты ақшаға шаққанда қыруар қаражат.

0 пікір
Мұрағат