|
Тағы бір шіркеу мешітке айналады
|
Ағылшындардың Сток-он-Трент қаласында жергілікті мұсылмандар көп ұзамай мешітке айналуы тиіс христиандардың қаңыраған ғибадат ғимаратын реттеуге кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Stoke Sentinel дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иоан Богослов шіркеуін «Дар-ул-Фәлақ» ұйымы бәссаудада 140 000 фунт стерлингке сатып алды. Мұсылмандар бұрынғы шіркеу ауласындағы тарихи құлпытастарды сол күйінде қалдыратын болды. Аталмыш ұйымның вице-президенті Саят Қасым мешітке айналған соң бұл ғибадат ғимаратына христиандардың да келіп құлшылық етуіне рұқсат берілетінін атап өтті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...