Тағы бір еуропалық ел Құранды өртеуге тыйым салатын заң қабылдады
|
Естеріңізде болса, осыдан 9 ай бұрын қасиетті Құранды өртеуге заң жүзінде тыйым салғанын хабаррлаған едік (қараңыз: «Швецияды Құран өртеуге ресми тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/shvetsiyady-quran-orteuge-resmi-tyiym-salyndy-18286/#gsc.tab=0). Енді исламофобия асқынған тағы бір еуропалық елде – Данияда киелі жазбаларды, соның ішінде Құранды да өртеуге тыйым салатын заң қабылданды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде француздардың France-Presse және ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттіктеріне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасын жақтап 94 депутат дауыс берсе, 77-і қарсы шыққан. Осы орайда Дания билігі қазан айының соңында Құран өртеу акцияларына байланысты лаңкестік қауіп-қатердің күшеюінен қауіптеніп әрі мұсылман елдердің наразылығын ескеріп, ресми мойындалған діни бірлестіктер үшін маңызды мәнге ие мәтіндерге «орынсыз әрекет қолдануға» тыйым салатын заң жобасын енгізгенін айта кетпекпіз.