Тағы бір елде қартаю процесі қарқын алды
Тағы бір елде қартаю процесі қарқын алды
3 ай бұрын 975 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тай елінде 60 жастан асқандар қарасы 15 жасқа дейінгілерден асып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы The Nationақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азияның аталған елінің геоақпарат және ғарыш технологияларын дамыту жөніндегі агенттігінің (GISTDA) таяудағы есебіне сәйкес бүгінгі таңда 60 жастағы және одан жоғары жастағы тайлықтар саны 13,6 млн адамға жеткен, ал 15 жасқа дейінгілер қарасы 9,5 млн-нан аспаған. GISTDA өкілдері бұл демографиялық өзгеріс халықтың қартаю процесінен ғана емес, сонымен қатар, туу көрсеткішінің төмендегенінен де хабар беретінін алға тартып отыр. Ал бұл кері құбылыс өзкезегінде болашақта жұмысшы күшінің тапшылыған, экономиканың тежелуіне, әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау саласындағы салмақтың артатынына апарып соқтырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2023 жылы Тайландты қартаю процесі шапшаң жүріп жатқан халықтар санатына жатқызған еді. 2023 жылы 67 млн тайлықтардың 12 млн-ын егде жастағылар құраған. Биылдан бастап, тайлықтар «кәрі қоғам» санатына енгізілді, өйткені, мұндай санатқа енгізілетін шекке жеткен – ел тұрғындарының санына шаққанда 60 жастан асқандар қарасы он пайызға жеткен. Көп ұзамай қарт тұрғындар қарасы 28%-ға дейін артып, он жылда Тайланд «шектен тыс кәрі қоғам» санатына өтпек. Осы орайда 2019 жылы күллі әлем бойынша 60 жастан асқандар қарасы 1 млрд адамнан асқанын айта кетпекпіз. Болжам бойынша 2030 жылы 60 жастан асқан егде адамдар қарасы 1,4 млрд-қа, ал 2050 жылы 2,1 млрд адамға жетпек.

0 пікір
Мұрағат