|
Келесі жылдан бастап Өзбекстанда көлік нөміріне иесінің есімін жазуға болады
|
KAZINFORM — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Өзавтомотобелгі» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнына ашық электрондық аукцион арқылы алтыға дейінгі әріптерден және (немесе) сандардан тұратын автокөлік құралдарына «бірегей» мемлекеттік нөмір белгілерін беру құқығы берілді. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлады ӨзА.
Бұл ретте «бірегей» мемлекеттік нөмірлер қолданыстағы мемлекеттік нөмір белгілерін қайталамауы және заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін мағынаға ие болмауы керек.
Мәселен, енді көшелерден «САРВАР», «АЗИЗА», «ОДИЛ» немесе «БҰХАРА» деп жазылған нөмірлі көліктерді көруіміз мүмкін.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда кітап оқығаны үшін түрмеде отыру мерзімі қысқартылады.
Бегабат Ұзақов
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады
■
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты