Тағы бір елде конверсиялық емге тыйым салынды – кері бағытта...
Тағы бір елде конверсиялық емге тыйым салынды – кері бағытта...
3 жыл бұрын 1754 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, сайтымыздың жаңалықтар таспасында кейінгі кезде батыс елдерінің конверсиялық ем шарасына тыйым салып жатқаны турасында бірнеше материал жарияланды (қараңыз: «Батыс елдері гендерлік саясатындағы қателікті түзетуге кірісіп кетті» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/batys-elderi-genderlik-sayasatyndagy-qatelikti-tuzetuge-kirisip-ketti-16336/#gsc.tab=0); «Конверсиялық терапияға тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/konversiyalyq-terapiyaga-tyiym-salyndy-16155/#gsc.tab=0); «Жат төсек қатынасын насихаттағандарға жауапкершілік күшейтіледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/jat-tosek-qatynasyn-nasihattagandarga-jauapkershilik-kusheitiledi-14975/#gsc.tab=0); "Сот гомосексуализмді ауру деп таныды" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/sot-gomoseksualizmdi-auru-dep-tanydy-14903/#gsc.tab=0). Изриалдің денсаулық сақтау министріНицн Горовиц мұндай қадамды елдің денсаулық сақтау саласындағы «төңкеріс» деп бағалап отыр. Алайда, қуануға әлі ерте, неге десеңіз, бұл шара ең алдымен ЛГТП өкілдерінің құқығын қорғау бағытында қолға алынып отыр – оларды конверсиялық терапияны қолдана отырып, жыныстық ауытқушылықты емдеуде пайдаланып келген болатын. Ендігі жерде конверсиялық емге тыйым сала отырып, оларды азғындық жолдан қайтаруға тыйым салынбақ. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша мұндай процедураға бюджеттен шығын шықпайды. Ницн Горовицтің түсіндіруінше, ем-дом – жәрдем беру түрі, конверсиялық емді «ем-дом» емес, зорлық-зомбылықтың түрі ретінде танылуы тиіс. Конверсиялық терапияға тыйым салу үшін мынадай уәж айтылып отыр: «Адамның төсек қатынасындағы бағыт-бағдары (сексуалды ориентациясы) ем-домды қажет ететін медициналық тұрғыдан немесе психикалық проблема емес және оны өзгертудің клиникалық тәсілі жоқ. Аталмыш ережеге сәйкес бұдын былай конверсиялық терапияны жүргізгендерге және жарнамалағандарға айыппұл салудан бастап, лицензиясын кері қайтаруға дейін шектеу шаралары қолданылады. 

0 пікір
Мұрағат